ФИФА өткен түнде 2022 жылдың үздіктерін анықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Лионель Месси өткен жылдың үздік ойыншысы атанды

ФИФА өткен түнде салтанатты марапаттау рәсімін өткізіп, үздік ойыншыларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ФИФА The Best сыйлығының иесін анықтады. Бұл – «Алтын доп» жүлдесіне пара-пар, яғни жылдың үздік ойыншысына берілетін сыйлық. Сол сияқты үздік бапкер мен үздік қақпашы да анықталды. Марапаттау рәсімі Францияның Париж қаласында өтті.

Сонымен ФИФА таңдаған үздіктер төмендегідей:

  • Лионель Месси – жылдың үздік ойыншысы;
  • Алексия Путельяс – әйелдер арасында үздік ойыншы;
  • Жылдың үздік құрамасы – төрт бірдей шабуылшы енді;
  • Үздік жанкүйер қауым – Аргентина құрамасының жанкүйерлері;
  • Фэйр-плей сыйлығы – Лука Локошвили;
  • Лионель Скалони – ерлер футболының үздік жаттықтырушы;
  • Сарина Вигман – әйелдер футболының үздік жаттықтырушы;
  • Марчин Олекси – Пушкаш сыйлығының жеңімпазы;
  • Эмилиано Мартинес – ерлер арасында үздік қақпашы;
  • Мэри Ирпс – әйелдер арасында үздік қақпашы.