27.02.2023, 19:56
Жаңалықтар
Қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы ақпарат жалған - Қорғаныс министрлігі
Министрліктің мәлімдеуінше желіде таралған видео ескі
фото: ашық дереккөзден
Қорғаныс министрлігі желіде Қазақстан әскери техниканы Украинаға жіберуде деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео болып табылады. Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын да хабарлаймыз», - делінген ресми хабарламада.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады