Өскеменде балабақшалардың бірінде бүлдіршін баспалдақтан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бала бірден ауруханаға жеткізілген

фото ашық дереккөзден

Өскемендегі балабақшалардың бірінде бүлдіршін баспалдақтан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy altaynews-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балабақша тәрбиеленушісі баспалдақтан құлап, жарақат алған.

Оқиға баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін болған.

«Әлеуметтік желіде баланың аяғында бахила болған деген ақпарат тарап жатыр. Ол – жалған ақпарат. Жағдай баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін орын алған», - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.