Маңғыстау облысында үміткерлер электрмен, жылумен жабдықтау мәселелерін талқылады
Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 31,6%
Бүгін «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар – Абзал Марат, Жанболат Тангиев, Раушан Аймұрзаева, Анар Шамшадинова, Мұрат Сауғабаев АУЭС мекемесінің ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Партияның басым бағыттарының бірі облысты электрмен, жылумен жабдықтау. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 31,6%, су бұру желілерінің тозуы – 56%, жылумен жабдықтау желілерінің тозуы – 53%, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы – 59,3%.
«AMANAT» партиясы электрмен, жылумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мәселелерін ерекше бақылауға алады. Ол үшін 5 жыл ішінде партия Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Қарақия ауданында 65 178,8 шаршы метрді құрайтын сумен жабдықтау желілерін, 99,3 шаршы метрді құрайтын су бұру желілерін реконструкциялау, 50,5 шаршы электрмен жабдықтау желілерін қайта құруды көздейді. Нәтижесінде, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы 29,1%-ға дейін, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 55,6%-ға дейін төмендейді. Бұл жұмыстарды нақты жүзеге асыру үшін бірінші кезекте алдағы сайлауда халықтың сенімі мен дауысы біз үшін маңызды», - деп атап өтті Нұрбек Қарасаев.
Сонымен қатар кездесуге барған үміткерлер ұжымның ұсыныс, пікірін тыңдап, назарға алатындарын жеткізді.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді