$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Есіктен есікке»: Алматы облысында мәслихат депутаттығына кандидат тұрғындармен кездесті

Үй-үйді аралаған кандидат халыққа бұл саяси науқанның еліміз үшін маңызды екенін жеткізді

«Есіктен есікке»: Алматы облысында мәслихат депутаттығына кандидат тұрғындармен кездесті

Бүгін Іле ауданында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Дархан Суртаев «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мұндағы мақсат – алдағы саяси науқанның маңызын түсіндіру, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау. Үй-үйді аралаған кандидат халыққа бұл саяси науқанның еліміз үшін маңызды екенін жеткізді. Үміткердің сөзіне сүйенсек, партияның алдағы 5 жылға жоспарында өңір халқының әл-ауқатын арттыруға күш салынады.

Ол үшін инвесторлар тартылып, өндіріс орындары көбейтіледі. 2027 жылдың соңына дейін 175 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Мұнымен қоса, ауыл тұрғындарына қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасалады. Шалғай жатқан елді мекендегі 15 мың адамның екі қолға бір күрек табуына жәрдемдеспек.

«Орташа жалақы көлемін шамамен 400 мың теңгеге дейін көбейтуге атсалысамыз. Баспанасыз жандарға қоныс тойын тойлауға көмектесеміз. Алдағы 5 жылда нақты шаралардың нәтижесінде 5,8 мың отбасы баспаналы болады. Біз әсіресе қоғамдағы әлеуметтік осал топ мүшелеріне жағдай жасауға күш саламыз. Бұл тұрғыда 920 жанұяға үйдің кілті табысталады. Сонымен қатар, 550 көпбалалы отбасы қамтылады», − деді тұрғындармен кездескен Дархан Суртаев.

Мұнымен қоса, Дархан Суртаев өңірдегі инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, білім, туризм, медицина саласындағы қордаланған проблемаларды шешуге атсалысатынын жеткізді. Осы орайда, партияның алдағы жұмысы аталған мәселелер төңірегінде іске асады.

«Есіктен есікке» акциясы аясында ілеліктер партияның алдағы бес жылда атқаратын мақсат-міндеттерімен танысып, саяси құрылымның бастамаларына оң көзқарас танытты. Бастысы, жүйелі нәтиже беретін жоспарларды жүзеге асыруға ниетті жандардың жанынан табылуға тұрғындар әрдайын дайын екенін жеткізді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары