Үміткерлер еңбек ұжымымен кездесті
«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар «Жамбыл су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кездесу барысында Абдалы Нұрәлиев партияның басты міндеті – өңір экономикасын арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру деңгейін ұлғайту екенін атап өтті. Ал Оксана Борисюк саяси тәжірибесі мол «AMANAT-тың» сайлауалды бағдарламасы жұртшылықтың талап-тілегінің негізінде жазылғанын жеткізді.
«AMANAT» партиясының үлкен саяси тәжірибесі бар. Біз халыққа партияның сайлауалды бағдарламасын барынша насихаттап келеміз. Жалпы, дәл осы бағдарламада жалпыұлттық мәселелермен қатар тек біздің өңірге ғана қатысты проблемалар бар. Партияның алдағы бес жылдағы жұмысы халықпен бірге жүргізілетін болады. Өйткені біздің сайлауалды бағдарламамыз өңір тұрғындарының өтініштері мен шағымдары негізінде жасалынды», - деді ол.
Бұдан кейін сөз алған кандидат Гулам Омаров сайлауалды бағдарлама жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға оң ықпал ететін жеткізді. Оның сөзінше, партиялықтар жыл сайын жаз мезгілінде 1,7 мың адамды жұмысқа орналасуға тікелей көмек көрсетпек. Ал бұл жұмыстар «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұтымды ұйымдастыру арқылы іске асады деп жоспарлануда.
«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 700-ден астам жас кадр қамтылмақ. Бұдан бөлек, «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобасы шеңберінде жыл сайын кемінде 2 мың жас жұмыспен қамтамасыз етіледі», - Г.Омаров.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді