$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордалық кандидаттар ауылдарда медициналық ұйымның қолжетімді бола түсетінін айтты

«AMANAT-тың» облыстық мәслихат үміткерлері дәгігерлермен кездесті 

Қызылордалық кандидаттар ауылдарда медициналық ұйымның қолжетімді бола түсетінін айтты
Фото: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихатына үміткерлер «Көпбейінді облыстық аурухана» ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кандидаттар М. Нәлібаев, Ж. Қожарипова, А. Қасымова, М. Жұмаділдаев, Н. Шамұратов, Р. Базарбай партияның сайлауалды бағдарламасымен  таныстырып, дансаулық сақтау саласын жетілдіруге қатысты атқарылатын жұмыстарды жеткізді.

Кездесу барысында мамандар тапшылығы, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемаларының баршылығы, «AMANAT» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сәйкес келуін және әрбір азамат денсаулық сақтаудың озық тәжірибелеріне тең қол жеткізетінін қолдайтыны, өңіріміз үшін жүрек-қан тамырлар және онкологиялық аурулары өзекті болып тұрғандығы турасында мәселелер талқыланды.

«Жалпы «AMANAT» еліміздің белсенді партиясы ретінде халықпен байланысын үзген емес. Содан болар, партиямыздың 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы «Халықпен бірге!» деп аталды. Өз кезегінде, сайлауалды бағдарлама негізінде көпшілікті толғандырған мәселелерге жауап іздеп, оларды шешуге барынша атсалыспақпыз. Әсіресе ақ халатты абзал жандардың әлеуетін арттыруға, тар шеңберлі мамандарды даярлауда бірқатар бастамалар қолға алынбақ», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлшат Мұсаева.

Депутаттыққа үміткер Мақсұт Нәлібаев кездесуде денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлердің еңбек жағдайын көтеруді, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру  партия үшін негізгі мақсаттардың бірі екенін атап өтті.

Жанат Кожарипова ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен біліктілігін пайдаланып қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге депутаттық қызмет арқылы атсалысуға бел байлағанын жеткізді. Осы жолда өзінің азаматтық ұстанымы мен саяси көзқарастары сай келетін «AMANAT» партиясымен бірге болуды таңдағанын айтып, дәрігерлерді аталған саяси партияға дауыс беруге шақырды.

«Алдағы бес жылда аймағымызда 30 денсаулық сақтау нысанын салынады. Бұған дейін 6 медициналық нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар 26 білім беру нысаны және 4300 орынға 43 балабақша ашылады. Мұның барлығы халықтың жайлы өмір сүруінің айнымас шарты. Сол себепті партия алдағы уақытта жүйелі жұмыстың артуына ықпал етуге бар күшін салғалы отыр», – деді кездесу барысында Айсұлу Қасымова.

Кездесуде сала мамандары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары