$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар жауып, көктайғақ болады: «Қазгидромет» алдағы үш күнге болжам жасады

Дегенмен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды

Қар жауып, көктайғақ болады: «Қазгидромет» алдағы үш күнге болжам жасады
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 28 ақпан-2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауып, ауа температурасы жоғарылайтынын айтты.

«Алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон ықпалынан жауын-шашын мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран соғып, қатты жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында еліміздің шығысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - дейді мамандар.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін.

Термометр бағандары тәуліктің күндізгі уақытында ҚР солтүстік жартысында 3-5 градус жылы, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жоғарылайды, тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0-10 аязға дейін біртіндеп төмендейді.

Серіктес жаңалықтары