$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті

Оқиға Көкшетау-Жамантұз станциясының аралығында болды

Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.

25 ақпанда Көкшетау-Жамантұз станциясының аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда бір үйір жылқының жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежегішті қолданды. Дегенмен жағдайдың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 32 жылқы мерт болды.

Пойыз 50 минутқа тоқтады.

«Көкшетау станциясында Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны үй жануарларының теміржол бойына шығып кетуіне жол берген. Бұл үйір жылқыны ауыл тұрғындары кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары