107 пациент стационарда ем қабылдауда
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
26 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 562+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр ал 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.