Бірқатар өңірде жауын жауып, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 25 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысында күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігі мен орталығында, күндіз екпіні 15-20 құрайды. Өңірдің батысында желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.
Абай облысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.