Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген
Теміртау қаласында алып сәби өмірге келді. Оның салмағы – 5 келі 55 грамм, бойы – 57 сантиметр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген. Бұл – оның төртінші баласы. Үлкені 10 жаста. Отбасында ірі туған алғашқы сәби екен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Денсаулықтары жақсы. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, былтыр өңірде 4 келіден асатын 54, ал 5 келіден асатын 10 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Ең ірісі 6 келі 520 граммаға жетіпті.
«Жүктілік кезеңі ауыр болды. Бірақ келгеннен кейін босануым оңай болды. Толғағым қатты болды, көп уақыт толғатып жүрдім. Алланың қалауымен, дәрігерлердің көмегімен дүниеге келді», - деді Теміртау қаласының тұрғыны Баян Жұрманбетова.