Музыкант Darkhan Juzz-дің неден көз жұмғаны белгілі болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның денесін елге жеткізу бойынша құжаттар рәсімделіп жатыр

instagram.com/d.juzz

Darkhan Juzz деген атпен танымал болған қазақстандық музыкант, хип-хоп әнші Дархан Жүнісбековтің неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Біздің азамат жалдамалы мопедпен келе жатқанда жол-көлік апатына ұшырап қайтыс болды. Консул қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-нен.

Тақырыпқа орай: Қазақстандық танымал музыкант Darkhan Juzz өмірден өтті

Айта кетейік, Darkhan Juzz атымен танылған Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.