$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» тозған инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал етеді – жетісулық кандидаттар

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар спорт колледжі ұжымымен кездесті

«AMANAT» тозған инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал етеді – жетісулық кандидаттар
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гүлнәр Тойлыбаева, Арыстанғали Арын мен Қуат Баймырзаев Жақсылық Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Келелі кездесуде спикерлер өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрістеуін тілге тиек етіп, бұл реттегі партияның рөлін сараптады.

Сөз тізгінін алған Арыстанғали Арын өңірде партия ықпалымен 2027 жылға дейін 100 мың жұмыс орны ашылатынын, 3000-ға жуық әлеуметтік осал отбасылардың баспаналы болатынын, 200-ден астам елдімекеннің көгілдір отынға қол жеткізінін сөз етті. Бұл тек қана Жетісу өңірінде жүзеге асатын қарымды бастамалар.

«Өңірде электр жабдықтау желілерінің 73 пайызы, жылумен жабдықтау желілерінің 47 пайызы, су беру желілерінің 58 пайызы тозған. Бұл әлеуметтік маңызды мәселе. Осы ретте партиямыз алдағы бес жылдықта 322,9 шақырым су беру желілерін, 57,1 шақырым жылу желісін және 684,4 шақырым электр желісін қайта жаңғыртуға күш салады. Жетісу өңірі – әу бастан аграрлық өңір. Өңірдің тынысын ашу үшін басты нысана ауыл шаруашылығында қарымды қарекет керек. Бұл ретте партиямыз етжеңді бастамаларды қолға алып отыр. Мәселен, қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мыңға жеткізуге, тұқым және тыңайтқыш субсидиясын ұлғайтуға, 900 мың гектар жаңа жайылымдық жерлер қосуға партия ықпал етеді, - деді Арыстанғали Арын.

Мұнан кейін мінберге көтерілген Гүлнәр Тойлыбаева өңірде бұқаралық спортты дамытуға тоқталды.

«Бұқалық спортты дамыту еліміздің басым саясатының бірі. Оған негіз – «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы. Аталмыш жоба негізінде 2025 жылға қарай елімізде спортпен шұғылданатын азаматтардың үлес салмағын 50 пайызға жеткізу көзделген. Қазір Жетісу облысында спортпен шұғылданатын тұрғындардың үлесі жалпы халықтың 32 пайызын қамтып отыр. Межеден қалмас үшін аталмыш салада қарымды тірлік жасалуы керек. Партияның Жетісу өңіріне негізделген сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда 19 спорттық нысан бой көтереді. Оның ішінде ауылдық жерлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға мұрындық боламыз. Нәтижесінде 2027 жылға қарай өңір халқын спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 51,3 пайыздан 56 пайызға көтеріледі. Ал спортпен шұғылданатындардың үлесі 50 пайыздан асатын болады», - деді Гүлнәр Тойлыбаева.

Шара соңында кандидаттар жиынға қатысушылармен пікір алмасып, жан-жақты қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары