«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ұлытау облысында бірқатар кездесу өткізді

Azattyq Rýhy

Сайлаушылармен сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары талқыланды

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ұлытау облысында бірқатар кездесу өткізді

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ұлытау облысына келіп, педагогтармен, мәдениет қайраткерлерімен және кәсіпорындардағы еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

РСШ құрамында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар: Закарья Күнсұлу Дальтонқызы - биология ғылымдарының докторы, профессор. COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы qazcovid-in (QazVac) қазақстандық белсенді емес вакцинасын әзірлеуші, Мәдениеттану мамандығы бойынша PhD докторы. Педагог, тарихшы. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы, журналист Толықбай Мақсат Маликұлы. Сондай-ақ жерлестеріне облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидат Тұрсынбек Мәкішев келді. Ол "Қазақмыс" компаниясының қызметкері және осы өңірдегі ҚР Еңбек Ері.

Жезқазғандағы №8 гимназияда штаб мүшелері педагогтармен білім беру саласындағы сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылады.

«Еліміздің болашағы көбінесе білім деңгейіне байланысты, сондықтан "AMANAT" партиясы педагог мәртебесін көтеру, мектептердің жетіспеушілігі және қала мен ауыл арасындағы білім сапасының сәйкессіздігін төмендету мәселелеріне ерекше назар аударады. Мысалы, алдағы бес жылда партия кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құруға қол жеткізеді және апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешеді», - деп атап өтті Күнсұлу Дальтонқызы.

Сонымен қатар, 500 мың педагогтың жалақысы ел экономикасының дамуымен бірге өсе береді. Партия 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар барлық мұқтаж отбасыларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындармен қамтамасыз етіп, 2028 жылға қарай 300 мың жаңа орын құрады.

Мектеп педагогтары бірқатар ұсыныстар айтты, соның ішінде еңбек сіңірген жылдары, репетиторлық орталықтар туралы, мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы сөз қозғалды.

Әрі қарай штаб мүшелері С.Сейфуллин атындағы кітапханада мәдениет қайраткерлерімен кездесті. Қонақтар сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген қолдау шараларына назар аударды. Мәселен, мәдениет, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсетінін мәлімдеді.

Басқосуға келген зиялы қауым өкілдері бірқатар ұсыныс айтты. Мысалы, тілдерді оқыту орталығында жұмыс істейтін мамандардың мәртебесін анықтау, Қарсақпай металлургия зауытын консервациялау.

Ұлытау облысының шығармашылық зиялыларының атынан ақсақал Сағындық Қожамсейітов сөз сөйледі. Ол РСШ мүшелерін "AMANAT" партиясына өз дауысын беруге дайын екендігіне сендірді және Мәжіліске депутаттыққа кандидаттарға батасын берді.

Сонымен қатар, депутаттыққа үміткерлер іссапар барысында №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикасына барды. Штаб мүшелері кәсіпорын ұжымына еңбек адамын қолдауға және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған партияның негізгі басымдықтары туралы айтып берді. Бұл туралы слесарь-жөндеуші Артамонов Евгений Васильевич те айтты. Сондай-ақ, ол "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановпен осы байыту фабрикасында бірге жұмыс істегенін атап өтті. Ер адам осы партияны таңдағанын және әріптестерін одан үлгі алуына шақырды. Жезқазғандықтар ҚР Парламенті Мәжілісіне және Ұлытау облыстық Мәслихатына депутаттыққа кандидаттарды жылы қарсы алып, өзгерістерге дайын екендерін айтты.

«Ұлытау» облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.