Әкімшілік полиция комитетінің өкілі көлікті заңдастыруда қандай құжаттар керек екенін түсіндірді
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізілгеніне тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысының шетелдік автокөліктерді бір реттік заңдастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, aвтокөліктерді бастапқы тіркегені үшін төлем 200 мың теңге мөлшерінде белгіленді және кәдеге жарату төлемі алынып тасталды.
Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін төлем мөлшерін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидалары, шарттары мен мерзімдері бекітілді. Ережелер ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді және осы күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірістік», - деді Сұлтанбаев.
Автокөліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар ұсынылуы керек?
Заңдастырылатын автокөліктерге қойылатын негізгі талаптар қандай?
Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың бірінші айының нәтижелері қандай?
Автокөліктерді басқа елдегі есептен шығару мәселесі қалай шешіледі?
«Басқа елдегі соңғы тіркеу орны бойынша шетелдік автокөлікті есептен шығару – бұл қажетті шара, өйткені соңғы есепке алу орны бойынша автомобильдерге оны иеліктен шығаруға тыйым салынуы және шектеулер қойылуы мүмкін.
Бұл ретте әрбір мемлекетте автомобильдерді есептен шығару тәртібі өздерінің ұлттық заңнамасымен реттелген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ІІМ Ресей Федерациясының, Қырғызстанның және Арменияның құзыретті органдарына біздің азаматтардың тіркеу еліне баруын және көлік құралын ұсынуды қажет етпестен Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша автомобильдерді есептен шығару мүмкіндігін қарастыру туралы тиісті хаттар жолдады.
Алайда Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөліктерді қашықтықтан есептен шығару мүмкін еместігі туралы жауап берді. Біз бұл талаптарды бұза алмаймыз», - деп жауап берді Сұлтанбаев.
«Автоконструкторлар» деп аталатын, яғни елге көлік бөлшектері ретінде әкелінген автокөліктер туралы мәселе қалай шешіледі?
«Заңдастыру процесінде елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автомобильдер анықталды. Бұл көліктер кедендік тазартудан және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы тексеруден өтпеген. Осы автокөліктерді сатып алған азаматтарымыздың жағдайын назарға ала отырып, қазір мемлекеттік органдар оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуге алу тетіктерін әзірлеуде. Мұндай автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылданды», - деді ол.
Тек сақтандыру полисі негізінде автокөліктерді заңдастыру мүмкін бе? Оларды заңдастыру үшін әкелу мерзімін ұзарту туралы не айтасыз?
«Автокөліктерді сақтандыру полистері бойынша тіркеуге жол берілмейді, өйткені жылжымайтын мүлікті меншікке сатып алу мәселелері Азаматтық кодекспен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе осы мүлікті иеліктен шығару туралы құжаттардың негізінде иемдене алады.
Шетелдік автомобильдерді әкелу үшін көзделген мерзімді ұзартуды тиімсіз деп санаймыз, өйткені бұл шаралар елге шетелдік автомобильдерді бақылаусыз әкелудің жаңа толқынына әкеп соғады.
Азаматтарға заңдастыру бір реттік сипатта ғана болатыны ескертіледі», - деді ІІМ өкілі.