Бұл – республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 8%-ы
Елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі де жабық тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 ақпанда сағат 8:40-та жаңартылған ақпаратқа сәйкес 7 өңірде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі де жабық тұр.
«Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы 2 018 шақырымды құрайды. Бұл – республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 8%-ы. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталып тұр», - делінген ұлттық оператор хабарламасында.
Бүгін республикалық желіде 400 бірлік арнайы техника және 530 жол жұмысшысы жұмыс істеп жатыр.