Доллар қайта қымбаттады: 24 ақпандағы валюта бағамы қандай

Автор: Мира Байбек

Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады

Фото: sputnik.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі 24 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы үш теңгеге қымбаттап, 449,22 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 446,6 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,99 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 449 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 448,5 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 449,22 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 475,68 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,99 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,8 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 65,12 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,14 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,98 (өзбек сомы).