Қарағанды облысында мәслихат депутаттығына кандидат дәрігерлермен бірге медицина саласын талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мәселесі талқыланды

Қарағанды облысында мәслихат депутаттығына кандидат Бауыржан Смағұлов «Облыстық клиникалық аурухана» КМК медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуде Денсаулық сақтау саласындағы негізгі өзгерістер белгіленді. Кандидат өз сөзінде дәрігерлердің еңбек жағдайын арттыру, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру «AMANAT» партиясы үшін негізгі мақсат екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында кездесулер өтуде.

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді