Жетісу облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер балабақша ұжымымен кездесті

Жетісу өңірінде 2027 жылға дейін мектепке дейінгі балалар толық балабақшамен қамтылады. Мұнан бөлек, 39 жаңа мектеп салынып, жыл сайын 58 мектеп заманауи талаптарға сай жаңғыртылады. Мұндай ауқымды жұмыс «AMANAT» партиясының мұрындық болуымен жүзеге асады. Бұл туралы партияның Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Жаңаберлиев Кербұлақ ауданындағы «Ақтиін» балабақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталмыш білім шаңырағының ұжымымен кездесу барысында кандидат өңірдегі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейтуге партия күш салатынын жеткізді. Себебі балалардың қауіпсіздігі – мемлекетіміздің басты құзіреті. Ал партия мемлекеттің бар саясатын жүзеге асыруда аянып қалмайды.

«AMANAT» партиясы үшін әрбір қазақстандықтың жайлы өмірі мен қолайлы болашағы маңызды. Сондықтан партия бар құзіретін осы бағытқа жұмсайды. Одан бөлек, партия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тірегіне, мемлекетіміздегі барлық жүйелі бастамаларының қозғаушысына айналды. Себебі біз байыпты өзгерістер мен өзекті реформаларды жасаушымыз. Міне маңызды бастамаларды білім саласынан, яғни болашаққа салынатын капиталдан бастаймыз. Алдағы уақытта партиямыз білім ошақтарында оқитын әлеуметтік осал отбасылардың балаларын және бастауыш сыныптардың оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға күш салады. Одан өзге балаларды сауықтыру лагерьлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру үшін жаңадан білім нысандарын салуға атсалысады. Өңірдегі барлық мектепте робототехника, химия, биология, физика кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамту да партия назарынан тыс қалмайды», - деді А.Жаңаберлиев.

Балабақша ұжымы кандидат таныстырған сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарды толық қолдайтынын, осындай етжеңді һәм елдік пен өрістеу жолындағы мұндай жауапкершілікке разылығын білдірді. 19 наурыз күні болатын саяси науқанда дұрыс таңдауға бір ауыздан келісті.

Жиын барысында еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты таныстырылып, балабақша қызметкерлері алдағы сайлауға бір адамдай атсалысуға уағдаласты.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді