Экологиялық заң нормалары бұзылмайды – «AMANAT» бағдарламасы
Штаб жанындағы фронт-офиста болған кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында қалалық сайлауалды штабтың төрағасы мен мүшелері сарапшылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Штаб жанындағы фронт-офиста болған кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Мәселен, 2027 жылға дейін өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады.
"Бүгінде облыста 100 отбасына 96 автомобиль келеді, орташа республикалық көрсеткіш 74 автомобиль, ал Өскеменде бұл көрсеткіш 105 автокөлікке тең. Бұл табиғи түрде логистикалық проблемалар туғызады, осыған байланысты бірқатар шаралар көзделген", – деді қалалық сайлауалды штабтың төрағасы Арайлым Есімбекова.
Айталық, Сәтбаев даңғылы, Жібек Жолы, Есенберлин даңғылы және Базовая көшесінің қиылысында; Славский көшесі - Пермитин көшесі (көпір астынан өту); Самар тас жолына шығатын Қазыбек би даңғылынан айналма жол айрықтарын салу, сондай-ақ Абай даңғылындағы көпірден Шәкәрім даңғылындағы көпірге дейін Үлбі өзенінің бойына серуендеу аймағы бар жаңа жағалау салу жоспарда бар.
Сондай-ақ, кездесуде экологиялық тиімділікті арттыру жөнінде сөз қозғалды.
"Бұл мәселеге қатысты айтар болсақ, «Қазмырыш» және «Өскемен ЖЭО» кәсіпорындарының атмосферасына ластаушы заттардың шығарындыларын 44,1-ден 37,4 мың тоннаға дейін төмендету, осы өнеркәсіптік кәсіпорындарда экологиялық бақылауды күшейту және ең үздік қолжетімді техникалардың анықтамалықтарын тезірек әзірлеуді бақылау бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. «AMANAT» экологиялық заң нормаларын бұзуға жол бермеуді көздейді", – деді қалалық сайлауалды штабтың мүшесі Серік Оразбайұлы.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді