$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз ставкалары өседі

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз ставкалары өседі
Фото ашық дереккөзден

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес 2026 жылға дейінгі 3 жылдық кезеңге темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары өзгертіліп белгіленді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Комитеттің мәліметінше, акциздің келесідей ставкалары қолданылады:

Фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар бойынша: 

  •  2023 жылы – 14 100 теңге/1000 данаға;
  •  2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға;

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі бойынша: 

  •  2023 жылы – 12 950 теңге/килограмына;
  •  2024-2025 жылдары – 14 150 теңге теңге/килограмына;

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық бойынша: 

  •  2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтыққа; 
  •  2024-2025 жылдары – 55 теңге/миллилитр сұйықтыққа;

Сигариллалар бойынша: 

  •  2023 жылы – 14 100 теңге/ 1000 данаға; 
  •  2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға;

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігі килограммнан данаға өзгере отырып, темекіге акциз мөлшерлемелерінің мөлшері 70% деңгейінде акциздің мөлшерлемесі айқындалды: 

  •  2023 жылы – 9 870 теңге/1 000 данаға; 
  •  2024-2025 жылдары – 11 130 теңге/1000 данаға құрайды.
Серіктес жаңалықтары