23.02.2023, 09:39
Жаңалықтар
Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады
Коллаж: Azattyq Ruhy
Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 ақпанда сағат 9:15-тегі ақпаратқа сәйкес, 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы жолдар жабық тұр.
Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы — 1025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1%-ын құрайды:
- Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
- Алматы облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді;
- Жамбыл облысында Екатеринбург– Алматы тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
- Батыс Қазақстан облысында Самара – Шымкент тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық;
- Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық.
Өткен түнде 1 100 м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды