$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT»: Қазығұрттық тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Кандидаттар барлық саладағы мәселелерді шешуді көздейді

«AMANAT»: Қазығұрттық тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиялының төрағасы Алтынсары  Дүйсенбекұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының алғашқысын киелі Қазығұрт жерінен бастады.  Алдымен Тұрбат ауылының мәдениет үйінде халықпен жүздесу өтті. 150-ге жуық ауыл тұрғындары жиналған басқосуда, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттары кеңінен сөз болды. Алтынсары Дүйсенбекұлы жиылған көпшілікке алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жұмыстардың жоспарларымен таныстырды.

«Түркістан облысында 1,7 млн. шаршы тұрғын үй пайдалануға берілді. 16,3 мың орындық 65 мектеп пен 5 медициналық, 7 спорттық нысан іске қосылды. Тағы 4 мәдениет нысаны да ашылып,   4 туристік нысан да пайдалануға берілді. Сонымен қатар, кандидаттар партияның білім, әлеумет, ауыл шаруашылығы, ұрпақ тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тіл мәртебесі сынды барлық саладағы мәселелерді шешуді көздейді»  – деді өз сөзінде А.Үмбетәлиев.

Облыстық штабтың мүшесі Әзімбай Жандос жиылған халыққа «Ауыл Аманаты» бағдаламасының тиімділігін түсіндіріп берді. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы біз ауылда мал бағам, егін егем, жұмыс істеймін деген азаматтарға 2,5% пайызбен арзан несие беруді көздеп отыр. Бұйырса бұл жұмыс та аз-кем уақыттан кейін басталмақ. 5 жылда осы іске 1 триллион теңге қарастырылған. Сөз барысында, штаб мүшесі мақсатсыз жұмсалған қаражаттан, мақсатты игерілген дүниенің халыққа пайдалы екендігіне тоқталды.

Ауыл тұрғындары да ұсыныс-пікірлерін айтып, саяси додада партияны қолдайтындықтарын жеткізді. Штаб мүшелері сауалдарға жауап беріп, азаматтарды 19 наурызда «AMANAT» партиясына және партиядан ұсынылып жатқан кандидаттарға дауыс беруге шақырды.

Кездесуден кейін Түркістан облыстық филиялының төрағасы Алтынсары  Дүйсенбекұлы Қазығұрт ауданының белсенді жастарының басын қосты. Болашақ ұрпаққа сайлауалды бағдарламаның мән- мағынасын айтып, алдағы жоспарларды талқылады. Сондай-ақ, партия бағдарламасында жастарды қолдайтын тиімді жобалардың көп екендігі айтылды. 

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары