Жарылыс болған кезде автобус аялдамасында тұрған адамдар оққа ұшқан
Херсонның кісі көп жүретін көшесінде ресейлік зымыран жарылып, 6 адам қаза тапты, сондай-ақ 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі golosameriki.com-ға сілтеме жасап.
Жарылыс болған кезде автобус аялдамасында тұрған адамдар оққа ұшқан. Украина президенті Владимир Зеленский жариялаған фотосуреттерде көшеде жатқан қаза тапқандардың денесі көрінеді.
Жергілікті билік Херсонға Ресей президенті сөз сөйлеп жатқанда реактивті жүйеден дүркін-дүркін оқ атылғанын хабарлады.
«Ресей армиясы Херсонға қатты оқ жаудырып, бейбіт тұрғындарды тағы да аяусыз өлтірді. Әлемнің Ресейдің қатыгездігі мен агрессиясының шекараны білмейтінін бір минутқа да ұмытуға құқығы жоқ», – деп жазды Зеленский жеделхатында.
Естеріңізге сала кетейік, Украина Ресейдің сегіз айлық оккупациясынан кейін қарашада Херсонды қайтарып алды. Херсон мен оның айналасы орыс әскерлерінің үнемі бомбалауына ұшырап жатады.