Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар мен жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.