Сақтандыру үй көлеміне қарай есептеледі
Қазақстанда 55 мыңға жуық көпқабатты үй болса, оның 752-сі апатты жағдайда. Ал 3 мың ғимарат ескіріп тұр. Сала мамандары азаматтар тек кәсіп обьектілерін сақтандыруға үйренген. Кейбірі тіпті мұндай қызметтің барын да білмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Елде тұрғын үйлердің тек 1-2-%-ы ғана сақтандырылған. Ал несиеге алған үйлерге банктер төлем уақыты аяқталғанша кепілдік береді. Сақтандыру үй көлеміне қарай есептеледі. Былтыр Алматының 7 мың, Астананың 1600 тұрғыны мүлкін сақтандырыпты. Батыс пен Қарағанды облысының тұрғындары да қызметті пайдаланған. Алайда сала маманы адамдар үйлерін сақтандыруға келгенде ат тонын ала қашады», - дейді заңгер Камиша Есмухамбетқызы.
«Мүлікті сақтандыру үй бағасының 0,1%. Салыстырмалы түрде бұл автокөлікті сақтандырудан арзан. Сіз төлемді өзіңіз таңдай аласыз. Яғни жылына 1 млн теңгеге немесе толық үйді кепіл бола аласыз. Өкінішке қарай ел азаматтары енді ғана мүлкін сақтандырып жатыр», - дейді Сақтандыру компаниясы төрағасының орынбасары Ержан Үндібаев.
Мамандар ипотекаға алған үйдің сақтандырылғаны жайлы банк хабар етуі тиіс дейді. Қаржы ұйымдары мұны негізгі пайыздық үстемеге қосып келген. Бұл заңды бұзған болып есептеледі екен.
Елде қазір 55 мыңға жуық көпқабатты үй болса, оның 1000-ға жуығы апатты жағдайда. 3 мың ғимараттың тозығы жетіп тұр.