Оның ішінде 9 бала бар
Елордада жатақханада тұратын 25 адам, оның ішінде 9 бала газдан уланып қалды. Бұл туралы ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«21 ақпанда таңғы 8 сағат 50 минутта 103 жедел жәрдемнен 4-қабатты жеке жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғындарының улы газбен улануы туралы хабарлама түсті. 25 адам, оның ішінде 9 бала улы газбен уланған», - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні уланудың себебін нақтылау және анықтау үшін оқиға орнына анықтаушы және сынақ зерттеу өрт зертханасы жіберілді.
Алдын ала себеп – қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы. Тұрғын үйді жатақханаға өзгерткен. Объект өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталмаған. Тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ.