Мұражайдың қашан ашылатыны әзірге белгісіз
Франциядағы әлемге әйгілі Лувр мұражайы жабылды.
Оған аймақта коронавирустың таралуы себеп. Мұражай басшылығының айтуынша, ғимаратқа әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар келеді. Оның қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Басшылық алдын ала билет сатып алғандарға қаржысы қайтарылатынын айтады.
Естеріңізге салайық, таяуда жергілікті билік елде 5 мың адам жиналатын барлық қоғамдық іс-шараларды кейінге шегеріп, ғимараттарды жабу керек деген шешім қабылдаған болатын. Жалпы қазір елде 130-дан астам адам коронавирус жұқтырғандардың қатарында. Олардың тоғызы ауыр халде жатса, екеуі осы дерттен көз жұмды.
Дереккөз: «Хабар 24»