«Адамзат бар жерде мәселе де, жетістік те болады»: үміткерлер Жаңаөзен дәрігерлерімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар қалалық емханаға барды

Еліміздегі моноқала саналатын Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық беріліп келеді. Әсіресе қаладағы денсаулық сақтау саласынан оң өзгерістер байқалады. Мәселен, қалалық емхана заманағ сай құрылғылармен толықтырылса, былтыр Жаңаөзенге 38 дәрігер қызметке келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Нұрбол Оқуов, Дмитрий Донских, Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы, Мереке Көлбеков Жаңаөзен қалалық емхана дәрігерлерімен жүздесті.

Экспромт кездесуде кандидаттар партияның алға қойған міндеттерін таныстырып, партияның сайлауалды бағдарламасын ақхалаттылардың назарына ұсынды. Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі үшін «AMANAT» партиясы 2027 жылға дейін 6 денсаулық сақтау нысанын салуды, 10 денсаулық сақтау ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етуді, қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында онкологияны ерте анықтау үшін жыл сайын кемінде 20 мың скринингтік зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.  

«Мен сіздерге әріптестер деп айта аламын. Өйткені бүкіл әлем коронавируспен күресіп жатқанда қатарынан 2 жыл облыстық денсаулық сақтау басқармасында қызмет еттім. Осы кезеңде сіздердің атқарып жүрген қызметтеріңіздің қаншалықты маңызды әрі ауыр екенін толық түсіндік. Бірақ бүгін алдарыңызға облыстық мәслихатқа үміткер ретінде келіп тұрмыз. Өзімізді додаға салатын кез келді. Себебі болашақ үшін біз алаңдамасақ, біз үшін ешкім алаңдамайды. Иә, бұл сайлауға үмітпен де, күдікпен де қарайтындар бар. Алайда сайлау ережелеріне түрлі жаңашылдық еніп жатқанын өздеріңіз де көріп отырсыздар. Сондықтан 19 наурызда баршаңызды сайлауда дауыс беруге шақырамын. Дауыс беру аса көп уақытты алмайды. Алайда бұл біздің алдағы 5 жылдық бюджетіміздің тиімді бөлінуі әрі игерілуіне әсер ететін процесс. Адамзат бар жерде мәселе де, жетістік те болады. Біз партияластарымызбен мәселені бірлесе шешуге дайынбыз», - деді Нұрбол Оқуов.

Жүзге жуық қызметкері бар қалалық емхананың директоры Сәнім Танаева Жаңаөзендегі денсаулық сақтау саласының оң өзгерістерге толы екенін, әлде де тұрғындарға қолжетімді қызмет ұсыну үшін күш біріктіріп, қызмет ететінін жеткізді.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді