$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі күрт азайған

Алдыңғы жылмен салыстырғанда, былтыр Қазақстан бойынша өсім бәсеңдеген

Алматыда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі күрт азайған
Фото ашық дереккөзден

Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үй ауданының көлемі 8,8% азайған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюроысының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4 млн шаршы метрді құраған. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға аз.

«2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Алматы қаласында 34,6%-ға күрт азайды. Сондай-ақ Ұлытау облысында – 29,6%-ға, Астана қаласында – 24,7%-ға азайған», - делінген бюро хабарламасында.

Республикалық көлемде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ең үлкен үлес салмағы республикалық маңызы бар қалаларда екенін айта кеткен жөн.

«Пайдалануға берілген барлық тұрғын үйдің 15,4%-ы – Астанаға, 11,2%-ы – Алматыға, облыстар арасында 8,1%-ы Ақтөбе облысына тиесілі», - дедінген хабарламада.

Тұрғын үйлердің жалпы санынан:

  • 1 540 көппәтерлі үйлер жалпы ауданы – 8 843,9 мың м2, 8,5%
  • 36 365 жеке тұрғын үйлер жалпы ауданы – 6 499,8 мың м2, 7,4%.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы тұрғын үй алаңының 1 м2 құрылысына кеткен орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.

Серіктес жаңалықтары