Кандидаттар бағдарламада көрсетілген бағыттардың жүзеге асырылуын мұқият қадағалайтынын жеткізді
«АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының фронт-кеңсесінде «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында ардагерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараны облыстық штабтың жетекшісі Бибігүл Аққожина ашып, жүргізді.
«Біз ұрпақтар сабақтастығы өте маңызды деп санаймыз, сондықтан сіздерден бастауды шештік. Фронт-офисте біз партиямыздың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін жиі кездесулер өткізетін боламыз», – деді Бибігүл Бүркітқызы.
Сайлауалды партия штабының мүшесі Серік Бектұрғанов дауыс берушілердің көпшілігі аға буын өкілдері екенін атап өтті.
«Бірінші қабатта қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, партия кеңсесі әрдайым ашық. «AMANAT» партиясының көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін ресурстары бар. Қала басшылығы бізбен кездесіп, қостанайлықтардың мәселелерін бірлесіп шешуге дайын», - деді Серік Шыңғысұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің ректоры Сейітбек Қуанышбаев алғаш рет сайлауға қатысып жатыр. Бұндай шешімге келуіне Қостанай облысының дамуына өз үлесін қосқысы келгендіктен қабылдағанын айтады. Сайлауалды бағдарламада ол студенттер мен оқытушылардың жағдайын жақсартуға баса назар аударатынын атап өтті.
Қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Раушан Байсарина ауылды жердерде педагогтар жетіспейтінін алға тартты.
«Болашақ мұғалімдерді ынталандыру қажет деп санаймын. Ардагер-педагог ретінде мен түлектеріміз үшін алаңдаймын. Жағдай жасалмаған соң, білім сапасы да төмендейді. Біздің ресейлік жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттерді қызықтырып, оларға елде қалу үшін жеңілдіктер беруіміз керек», – деді ол.
Қостанай Білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Татьяна Казачек әріптесін қолдап, мектептердегі жас мамандарға жағдай жасау керектігін айтты. Оның айтуынша, көптеген жастар жұмысқа орналасу алдындағы қатаң талаптарды жеңілдету қажеттігін баса айтты.
Шара соңында кандидаттар бағдарламада көрсетілген барлық бағыттардың жүзеге асырылуын мұқият қадағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ардагерлерді сайлауға белсенді қатысуға шақырып, өз таңдауларын жасауға үндеді.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді