Ресейлік астықты қазақстандық өнім деп өзге елдерге өткізіп келген кәсіпкерлер анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар бұл әрекетке жеңілдетілген тариф үшін барған  

Фото ашық дереккөзден

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың көлік прокуратурасымен бірге Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге экспорттау мақсатында ресейлік астықты қазақстандық өнім деп өткізгендерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Компания тауар тасымалы үшін 150 миллион теңге төлегісі келмеген.       

«ЖШС 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттады.       

Бұл ретте компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 миллион теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты» , - деп мәлімдеді ҚР қаржылық мониторинг агенттігі.      

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.