Хатай жерінің зілзаладан кейін жарылып кеткен сәті көрсетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Видео Алтынезу қаласының маңында түсірілген

Түркияда жойқын зілзаладан кейін Хатайда жердің жарылып кеткен сәті көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видео Алтынезу қаласының маңында түсірілген.

Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісінен кейін қаза болғандар саны 41 мың адамнан асты. Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою департаменті 6 ақпандағы жойқын жер сілкіністерінен 6 210-нан астам ұсақ жер сілкінісі болғанын мәлімдеді.