Ол бүгінге дейін Үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Құқық және экономика» колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.