Украинаға сәуірге дейін Батыс уәде еткен танктердің төрттен бірі ғана жетуі мүмкін
Батыстық әріптестері Украина еліне жалпы саны 320 танк жеткіземіз деген еді
2023 жылдың сәуіріне дейін Украинаға Батыс елдері уәде еткен танктің тек төрттен бірі жетуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасай отырып.
Алғашқы дереккөз Sunday Times агенттігінің жазуынша Украинаға батыс елдерінен жалпы саны 320 танк жеткізілуі керек еді. Алайда басылым журналистері зерттеу жүргізіп, көктемге дейін украин еліне бұл танктердің тек 50-і ғана жетіп үлгереді деген қорытынды шығарып отыр.
«Ал елу шақты танк қазіргі әскери әрекеттерге қандай да бір ықпал ету үшін жеткіліксіз болады» деп жазады басылым журналистері.
Анықталғанындай, батыс елдерінің көбінде Украинаға бере қоятындай аса көп мөлшерде танк болмай шыққан. Ал кеше, жексенбіде ғана аяқталған Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференция кезінде Германияның канцлері Олаф Шольц «Киевке тым болмағанда 80 танк жіберу үшін өзге әріптестеріммен келіссөз өткізуге тырысамын» деген еді.
Ал Ұлыбританияның Қорғаныс министрі неміс басылымдарына сұхбат бере отырып, көп елдердің Киевке жібере қоятын танкі жоқ болып шыққанынан ресми мәлімдеген еді.
«Саясаткерлер өз әскерилерін қоймаға жіберіп, Украинаға жөнелтетіндей мөлшерде танктердің жоқтығын, не сынып тұрғанын көрген», - деді Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес.
Sunday Times басылымына осы іске қатысты пікір берген Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич «Украинаға көмектесу үшін біз ойлағаннан да артық күш керек екен» деген болатын.
Айта кетейік, бүгін не ертең, яғни, сейсенбіде Украинаға Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони Украинаға келеді деген болжам бар.