Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңға жуықтады

Azattyq Rýhy

Құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігінің азайғанын айтады

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңға жуықтады
Фото ашық дереккөзден

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының ресми саны 50 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Euronews.

Сирияда барлығы 8,5 мың адам, Түркияда соңғы мәліметтер бойынша 40 642 адам қаза тапты.

Екі аптаға жуық іздеуден кейін тірі қалғандарды табу мүмкіндігі қалмады, дейді құтқарушылар. Олар сенбіде 300 сағатқа жуық үйінділердің астында болған ерлі-зайыптылардың құтқарылуын нағыз ғажайып деп атайды. Ерлі-зайыптылар аман қалғанмен, олардың үш баласы қайтыс болды.

Жер сілкінісінің бұл сериясы аймақтағы ғасырлардағы ең үлкен табиғи апат болды. Сейсмологтар 3 мыңнан астам жер сілкінісін санады, олардың ішіндегі ең қуаттысы 7,8-ге жетті. Тек Түркияда 80 мыңнан астам ғимарат құлады, ондаған провинцияның жүздеген мың тұрғындары баспанасыз қалып, босқын болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.