Авиакомпания қазіргі уақытта бұл шешімге шағымдануға дайындалып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы Алматы авиациялық көлік прокуратурасының балалар билетін жеңілдіксіз сатты деген айыптауымен келіспейді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«FlyArystan өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес жүргізетінін және «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған халықаралық рейстерге және Қазақстан Республикасының әуе көлігінде тасымалдаушысы жүзеге асыратын Қазақстан ішіндегі рейстерге 2 жастан 15 жасқа дейін тұрақты тарифтен 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған», - дейді FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Жарияланымда келтірілген ақпаратқа жауап ретінде FlyArystan қазіргі уақытта бұл шешімге шағымдануға дайындалып жатқанын хабарлады.
Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе компаниясы халықаралық рейстерге билеттерді сату кезінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларға арнайы 50% жеңілдіктерді қолданбаған.
Прокуратура 2022 жылғы қаңтардан қазан аралығында халықаралық бағыттар бойынша стандартты тарифтер бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмағандар тасымалданғанын хабарлады.