Абай облысында боран соғып, жол бойындағы көріну төмендеген
Боран мен жол бойындағы көрінудің төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай өңірі бойынша Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін және ШҚО бойынша Абай өңірінің шекарасынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралықтар жабық.