Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда
Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті.
Бұл туралы елдің ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу CNN Türk телеарнасының эфирінде хабарлады.
Оның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары апат кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимараттың орнында жүргізілген.
Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын хабарлады.