Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында жеребе тартылды
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша тіркеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында жеребе тартылды, әр партияның өкілі бюллетеньдегі реттік нөмірін таңдады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудағы бюллетеньге партиялар осы тәртіппен енгізіледі:
1. Amanat партиясы;
2. «Ауыл» партиясы;
3. Respublica партиясы;
4. Қазақстан Халық партиясы;
5. «Байтақ» партиясы;
6. «Ақ жол» партиясы;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттығына Қазақстанда ресми тіркелген барлық 7 партия кандидаттарын ұсынды.
69 депутаттық мандатқа 281 адам үмітті. Олардың орташа жасы - 45,7 жас.
Үміткерлердің ең үлкені 1942 жылы, ең кішісі 1997 жылы туған. Партия тізімінде 201 ер, 80 әйел бар.
Бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды тіркеу 18 ақпанда сағат 18:00-ге дейін жалғасады.