Елімізде өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

90 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 90 адам коронавирус, 3 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 18 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 472+ және 175 КВИ-), оның ішінде 112 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.