Алматы облысында 48 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті  тұрғындарға ескерту жасады

фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақтағы тауларда 17-21 ақпан аралығында қар көшкіні болуы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - делінген хабарламада.

ТЖД азаматтарға, туристер мендемалушыларға қарлы беткейлерге шықпау, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Тегтер: