Жол апаты Жетісу облысы Есеболатов ауылының маңында орын алды
Алматы-Өскемен автожолының 396 шақырымында Хонда Одиссей автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апатынан 4 адам зардап шекті, оның ішінде жүргізуші де бар, олар түрлі дене жарақаттарымен Сарқан қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
«Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды және ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп көрсетті Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.