Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды

Azattyq Rýhy

Алейна Олмез жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң құтқарылды

Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды
Фото: aa.com.tr

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Алейна Олмез Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан.

«Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада,

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр.

Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.

Айта кетерлігі, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.