Қазақстанда өткен тәулікте 1 адам коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-ге шалдыққан 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 105 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам аталған дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 590 адам коронавирус инфекциясынан (–1 414+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 125 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  3 адамның жағдайы ауыр,
  •  3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.