Оқушы достарының үйінде болған
Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді. Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылғанын мәлімдеді.
«Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», -деп хабарлады ведомство.