Қор биржасында доллар бағамы бірден 3,5 теңгеге құлдырады

Автор: Azattyq Rýhy

АҚШ валютасының құны бір айда 15,57 теңгеге арзандады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесінде доллар бағамы бүгін 447,29 теңгеге бір-ақ құлдырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Яғни, бір күн ішінде доллар бағамы 3,48 теңгеге, бір айда 15,57 теңгеге арзандады.

Қазақстанның ақша айырбастау орындарында қазіргі сәтте доллар 447 теңгеден сатып алынып, 451-452 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетерлігі, ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 84,3 долларды құрады.

Еске салайық, бүгін таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 451,17 теңге деп бекіткен болатын