Басым көбінің мерзімі 10 жылдан асқан: Қазақстанда қанша автобус бар

Автор: Azattyq Rýhy

Қала әкімдігі 500 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отырғанын айтты

Фото ашық дереккөзден

Биыл елорданың автобус паркі 25%-ға жаңартылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылғы 9 ақпанда Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімдігі елорданың автобус паркі 25%-ға жаңартылатынын, 500 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 93 222 автобус тіркелген.

Халықты автобустармен орташа қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 4,7 автобусты құрайды.

Барлық автобус паркінің 76%-ы 10 жылдан асқан. Бұл ретте автобус ең танымал көлік түрі саналады: қазақстандықтардың 67%-ы автобуспен сапарға шығады.

«Астана қаласында тіркелген автобустар саны 6826 бірлікті құрады. Яғни, 1000 астаналыққа 5 автобустан ғана келеді. Астанадағы автобус паркінің 75 пайызы 10 жылдан асқан», - деп жазады «Атамекен» талдау қызметі.