Кездесу 17 сәуірде АҚШ-та өтеді деп жоспарланған
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) келесі кездесуінде бірінші жартылай орта салмақта үш тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Жартылай орта салмақтағы кездесу 17 сәуірде АҚШ-тың Мэрилэнд штатында Оксон-Хилл қаласындағы бокс кешінің андеркартында өтеді деп жоспарланған. Жекпе-жекті DAZN стриминг жүйесі трансляциялайды. Осы шоуда бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы болған - америкалық Реджис Прогрейс (24-1, 20 КО) пен отандасы Морис Хукер (27-1, 18 КО) жұдырықтасады», - деп жазады басылым.
Осыған дейін менеджер Зия Әлиев Vesti.kz порталына берген сұхбатында Елеусіновтің 17 сәуірде Прогрейс - Хукер шоуында жұдырықтасатынын айтқан. Ол кездесу нәтижесінде жеңімпаз өңірлік титулды иеленуі мүмкін екенін айтты.